Түркістан: 22 жастағы келіншек үшем босанды

214

Түркістан облысының № 2 Облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған. 22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 Облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.

Advertisements