Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдік ұсталды

162

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жемісті ауылына қарасты “Бағыс” айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған азаматтың жұмыс жасау мақсатында жүргені анықталып, Сарыағаш АПБ-ға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Advertisements