Түркістанда шекарадан есірткі алып өтпек болған күдікті ұсталды

221

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған күдікті ұсталды. Сарыағаш ауданы ПБ кезекші бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды kz.otyrar.kz

Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде азаматтардың бірінен «Линда» атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні, Қазақстан азаматын тінту кезінде аяқ киімінен есірткі затына ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 1 грамға жуық «марихуана» болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы » Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Advertisements