​Елордада Агроқалашық елдімекенінің тағы бір бөлігі газға қосылды

201

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-мен бірлесіп, бұрын газға қосылмаған Агроқалашық тұрғын алабы бөлігінде газ беруді бастады, деп жазады  ernur.kz

Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Осылайша, Дүйсенбаев көшесі – Қарталы көшесі – Тілендиев даңғылы – Бөкеев көшесі аумағында тұрғындар газға қосылуға мүмкіндік алды. Осы жылдың қараша айында Агроқалашықтың қалған бөлігін, сондай-ақ Потанин көшесі мен Маскеу көшесі маңындағы секторды газдандыру қамтамасыз етіледі. Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасынан бастап Оңтүстік-Шығыс елдімекенінің тұрғындары да өз үйлерін газға қосып жатыр. Айта кету керек, екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам ішкі кварталдық газбен жабдықтау желілері салынды. Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс, Агроқалашық елдімекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Осы күзде Промышленный, Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс (қосылмаған бөліктер) тұрғындарына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Advertisements