Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады?

240

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан азаматтарының орташа айлық жалақысы – 243 мың теңге, деп хабарлайды  aikyn.kz

Биыл ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 243 667 теңгеге жетті. Жалақы индексі былтыр – 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% болды.

Ең жоғары жалақы:

– тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);

– қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);

– кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);

– ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).

Ал ең төменгі жалақы:

– сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде – 154,9 мың теңге;

– ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында – шамамен 181,1 мың теңге, бұл – ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық жалақысы қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, салық, табыс салығы міндетті зейнетақы жарналарын есепке ала отырып есептеледі.

Advertisements