Сарыағашта мас халде көлік жүргізген тұрғын қамауға алынды

188

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы көшелерінің бірінде келе жатқан “Volkswagen” маркалы көліктің алдыңғы шамдары жанбай келе жатқанын көріп тоқтатады. Оны тексеру барысында жүргізушінің сөздері анық болмай, тәртіп сақшыларына күдік тудырды. Полицейлер көлік жүргізушісін куәландырудан өткізеді. Нәтижесінде ер азаматтың мас күйде екені белгілі болады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осылайша жүргізушінің көлігі ақылы автотұраққа қойылды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сарыағаш аудандық сотының шешімімен күдікті азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Advertisements