Ұшақ билеті қымбаттап барады

171

«Scat» әуекомпаниясы ұшақ отыны қымбаттағанын мәлімдеді. Сондықтан билет бағасы да өсуі  мүмкін. Аталған компанияның мәліметінше, еліміздің үш өңірінде жағдай күрделі. Әсіресе,   Ақтау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларында мәселе ушығып тұр.  Ал энергетика министрлігі мұндай жағдай болатыны алдын ала ескертілген деп отыр, деп хабарлайды  turkistanzaman.kz

Бұрын осыған дейін де ұшып жүргенбіз. Ол кез бен бұл кездің бағасы Жер мен көктей». «Scat»  деген ұшақпен келдік, бағасы 20 мың теңге. Енді барлығы қымбаттап жатыр». Керасин тапшылығы әзірге Түркістан халықаралық әуежайында сезіле қойған жоқ. Ұшақтар өз уақытымен көкке көтерілуде.  Айта кетейік,  Түркістаннан Алматы, Нұрсұлтан, Талдықорған, Павлодар, Өскемен, Семей, Ақтөбе және Атырау бағыттары бойынша күн сайын 6-7 рейс аттанады.  Билет құны шамамен 20 мыңнан басталады. Авиакеросин тапшылығына орай енді ол қалай құбылады? Баға саясатын әуежай емес, әр  авиакомпания жүргізеді,- дейді Хазірет Сұлтан әуежайының директоры.  Ілияс Нұғманов, Түркістан халықаралық әуежайының директоры:  «Әуежайымызға орта есеппен 500-600 дей адам ұшып, келіп ұшып кетеді. Қазақстан бойынша «Scat»  әуекомпаниясы, FlyArystan, Qazaq Air компаниялары ұшады. Шет елге, оның ішінде  Стамбулға Turkish Airlines әуе компаниясы ұшады» Әуе отынының тапшылығы әуелі Елорда әуежайында сезілді. Одан өзге, Ақтөбе, Ақтау қалалары бар. Ақтауда отын қоры үш, Ақтөбеде екі ақ күнге жетеді.

Сәбит Баймағамбетов, сарапшы:  «Авиакерасин билет құнының 30 пайызын құрайды екен. Сол себепті ол өз кезегінде де билет құнына әсер етеді. Бізде ғана болып жатқан құбылыс емес. Сонымен қатар, көрші елдерде де керасин бағасы қымбаттап жатыр. Кейбір эксперттер мұны маусымдық жағдай деп түсіндіруде. Алайда шын мәнінде олай болмайтын тәрізді. Яғни баға бір рет өсті ма, ол әрі қарай сол күйде қалып қояды». Минстрліктің мәлімдеуінше, елорда әуежайында 3 мың тоннадан астам керасин бар. Алдағы уақытта оны тағы да 4 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар. Егер авиакеросин қымбаттаса, жолаушылардың қалтасына салмақ түсірері сөзсіз.

Виктория Старожилова, SCAT әуекомпаниясы, PR және маркетинг бөлімінің басшысы: «Авиациялық керосиннің тапшылығы өндіру көлемінің едәуір төмендеуінен болып отыр. Ұшу кестесінің 100% орындалуын қамтамасыз етуге тырыстық. Алайда отынның қажетті көлемін ала алмай, Қазақстандағы көптеген әуежайда компанияның жанармай қоры сарқылды. Бұл ұшу кестесінің толықтай үздіксіз орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне билет құнына әсер етуі мүмкін. Себебі: әуе отыны билет құнының кемінде 40%-ін алады. Яғни жолаушы зардап шегеді. Дәл осы жағдайларды алатын болсақ, уақытша емес, тұрақты баға қымбаттауы орын алуы мүмкін». Әуе отыны нарығындағы тапшылық шетелде де сезілуде. Себебі қазіргі уақытта әлемдік көмірқышқыл газы өнімдерінің 2,5 проценті авиацияның үлесіне тиесілі. Бұл жаһандық нарыққа әсер етуде. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мәліметінше, пандемияға дейін жалпы отын тұтынуы 95 млрд. галлонға жеткен.

Advertisements