Отырарлықтар керуен көшін бастады

214

Облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен киелі шаһарда өткен «Рухани керуен — Түркістанда» атты акцияны Отырар ауданы жалғастырды, деп хабарлайды okg.kz

Көшті Отырар ауданының зиялы қауым өкілдері мен жас өнерпаздары арнау әнімен бастап келді. «Жаңа қоныс құтты болсын!» деген ниетпен шашу шашылды. Шара М.Шахановтың «Отырар қаһармандығы немесе жеңімпаз туралы дастан» өлеңімен ашылды. Әрі қарай кітап көрмелеріне шолу жасалып, «Әл-Фарабидің шәкірттерімен кездесуі» атты қойылым тамашаланды. Шара барысында Түркістан қаласы ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбаймбетов, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Серім Абанқызы сөз сөйлеп, елге есімі белгілі суретші, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Халықаралық «Тұран-Қазақ» суретшілер консолидациясының мүшесі Әділхан Мәлікпен кездесу сұхбаттың шымылдығын ашып берді. Қылқалам шебері аталмыш кітапханаға өз туындысын тарту етті.
Шара соңында Түркістан облысы әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жанар Жақсылыққызы келген қонақтарға алғысын білдірді.
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ.
Advertisements