21 жастағы Айдана Ахантаева “Астана аруы” атағын жеңіп алды

240

“Астана аруы-2021” атағына 21 жастағы Айдана Ахантаева ие болды, деп хабарлайды  kaz.nur.kz

Елорданың ең сұлу аруы болып 21 жастағы Айдана Ахантаева танылды. Бойжеткен “Астана аруы-2021” атанды. Айдананың ерекше суреттерін байқаудың ресми парақшасында және арудың жеке Instagram парақшасынан көруге болады. Нұр-Сұлтан қаласының ең сұлу сылқымы Қазақ ұлттық өнер университетін тәмамдаған. Ол алты жылдан астам уақыт бойы фортепианодан сабақ беріп келеді. Әлеуметтік желіге сүйенсек, бойжеткен өнерді, классикалық музыканы және түрлі образдағы фотосессияларды жақсы көреді екен. Ол түсірілімдерінің нәтижесін оқырмандарына жиі бөлісіп тұрады. Айта кетерлігі, биыл “Қазақстан аруы” ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі. Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, “Қазақстан аруы-2013” Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді. Еске сала кетейік, бұған дейін “Түркістан аруы-2021” байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова “Қазақстан аруы” байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, қазылар алқасы “Атырау аруын” да анықтады. Өңірлік байқауда Әйгерім Сүйінова есімді бойжеткен жеңіске жеткен. Ал “Қостанай аруы” болып 21 жастағы Малика Каримова танылса, Азиза Тоқашова “Алматы аруы” атанды. Шымкенттің ең сұлу аруы 17 жастағы Шұғыла Жақсыбекова болды. 26 жастағы Әйгерім Ауталипова “Көкшетау аруы” атанды.

Advertisements