ШҚО тұрғынының көлігі мен малы өртеніп кетті

212

Риддерде жер үйдің ауласында өрт шықты, деп хабарлайды   kaz.nur.kz

“Өрт қора-қопсы жақтан шыққан. Адам шығыны жоқ. Бірақ өрт кезінде үй иесінің 25 тауығы, 2 сиыры өлді. Сондай-ақ аулада тұрған УАЗ маркалы көлікке де өрт тиді”,– деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының полицейлері жайылымда жүрген жылқыны сойып, етін алып кеткен күдіктіні ұстаған еді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188- бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Полицейлер көліктен алынған заттай дәлелдеме мен оқиға орнынан алынған дәйекті заттардың сәйкестігін анықтау мақсатында сараптама тағайындады. Сараптама заттардың бір-біріне сәйкес екенін көрсетті.

Advertisements