Түркістан: Төлебиде киім тігу цехы іске қосылады

235

Төлеби ауданында 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданында жалпы құны 735 млн теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 260 адам жұмыспен қамтылады. Атап айтқанда, Ленгір қаласынан құны 550 млн теңге болатын «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы. Нысанның қазіргі таңда жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022 жылы іске қосылса, 250 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, «Балмұздақ» ЖШС өнім көлемін ұлғайту мақсатында құрал-жабдықтар алуға 185 млн теңгеге инвестиция тартып отыр. Бұл туралы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Телғараев брифингте мәлімдеді. Ауданда өнеркәсіп саласында 2021 жылдың басынан 36 млрд 236 млн теңгенің өнімі өндірілген. «Ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2021 жылдың 9 айында 10 млрд 946 млн теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 пайызға артты. Сондай-ақ, ауданда 7 163 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оларда жұмыспен қамтылғандар саны – 15 902 адам. Кәсіпкерлік субъектілернің өндірген өнім көлемі 33 млрд 317 млн теңгені құрады», – деді аудан басшысы. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 млн теңгеге 2 жоба іске асуда. Олар: «Құрғақ шәйді фасовка жасау» және «Саумал-қымызбен емдеу орталығы» жобалары.

Advertisements