ШЫМКЕНТ: Газдан уланудың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

198
Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, орта сапасы және бақылау басқармасының газтехникалық инспекция бөлімі аудандарда газден уланудың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Аудандағы төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері мен бірлесе атқарылған іс-шараларда газ құралдарында көміртегі тотығымен (СО) уланудың алдын-алу туралы айтылды. Сонымен қатар, тұрғындарға газдабылқаққыш құрылғыларын (газосигнализаторы) орнату керектігі түсіндірілуде.
Қалада өткен жылғы жылу беру маусымында табиғи газден уланудың 5 оқиғасы тіркелген. Салдарынан 4 адам қайтыс болып, 3 адам жарақаттанған. Биыл улану саны 1,8, қаза болғандар 2,75, ал жарақат саны 33% – ға төмендеген. Газ жабдықтары мен құрылғыларын пайдалану кезінде 2020 жылы 3 тарсылы орын алса, биыл 2 газ-ауа қоспасының оқиғасы болған.
Қалада оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында 2019 жылдан бастап бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алғаш болып демеушілер есебінен көпбалалы және аз қамтылған 776 отбасыға арнайы құрылғы орнатылды. 2020 жылы демеушілер 1 102 отбасын газдабылқаққышпен қамтыған.
Ал биыл пайдалануға берілген үйлерге бюджет есебінен 2 192 құрылғы қойылған. Ал құрылысы жүріп жатқан үйлерге 2022 жылғы бюджеттен 2 424 газдабылқаққышын орнату жоспарлануда.
Advertisements