Әлемнің ең жас чемпионы Бибісара елге оралды

233
Шахматтан ел тарихындағы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алған Бибісара Асаубаеваны жақындары мен жанкүйерлері елорда әуежайынан күтіп алды.
Варшавада өткен Әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанған болатын.

Айта кетері, 17 жастағы Асаубаева бұған дейін классикалық шахматтан 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанған.

Рапид және блицтен әлем чемпионаты – спорт жанкүйерлерінің көпшілігі үшін шахмат күнтізбесіндегі айтулы оқиғалардың бірі. Ауқымды шараға 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты.

Рапид және блиц бойынша әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрады.

Advertisements