Қазіргі жағдайға байланысты оқушылар аралас форматта оқитын болады

269
Еліміз бойынша мектептерде үшінші тоқсан 17-қаңтардан басталды. Карантин талаптарына байланысты өңірдегі бала саны 600-ден асатын қала мектептерінің оқушылары қашықтықтан білім алады. Бұл – облыс аумағындағы 945 мектептің ішіндегі 80 білім ұясына қатысты. Сондай-ақ, 1-2-сыныптар штаттық форматта, 3-5-сыныптарда кезекші сыныптар оқытылады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.
Облыстағы қашықтықтан оқыту форматына көшірілген барлық білім алушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылданған.
«Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерін хабардар ету туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Екпенің толық курсын алған вакцинацияланған оқушылардың, оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі. Оқытуды штаттық форматта ұйымдастыру кезінде «Бір кабинет – бір сынып» қағидаты және санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс»,- деді Ардақ Мәдіханқызы.
Эпидемиологиялық қатер аймағына қарамастан мектептен тыс ұйымдарда штаттық режимде оқытуға жеке сабақтар кезінде, топтық – 10 адамға дейін, кемтар балаларға немесе ересектерге арналған түзету кабинеттерде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар өткізуге жол беріледі. Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың (бала-бақша) қызметі штаттық режимде жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements