Мақтаарал футбол клубы жаттығу-жиындарын бастап кетті

243

“Мақтаарал” футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) өткен жылдың соңында Атакенттегі өз алаңында бастады. Бастапқы ОЖЖ-да жергілікті ойыншыларды дайындыққа жинады. “Мақтаарал” сапынан табылғысы келетін таланттар тынбай тер тегуде. Араға біраз уақыт салып келесі ОЖЖ өткізу үшін команда Шымкентке ат басын тіреді. Қазір таңда клуб “БИІК” спорт кешенінде дене қыздыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Құрамда жергілікті ойыншылардан бөлек Республикамыздың басқа да өңірлерінен келген бірнеше футболшы қаралымнан өтуде. Нақты кімдердің құрамнан орын алатынын ОЖЖ толық аяқталғаннан кейін, ойыншылардың көрсеткіштеріне қарай бапкерлер құрамы таңдап алады. Қазірше қаралымға келген барлық футболшыға бас бапкер толыққанды мүмкіндік беруде.

Advertisements