Сауран ауданында ХҚКО тұрақты жұмыс істеп тұр

210

Сауран ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Сауран аудандық Халыққа қызмет көрсету орталық бөлімі өз жұмысын тұрақты түрде істеп келеді. Мемлекетімізде жарияланған төтенше жағдай режимінен кейін орталықтың жұмысы қайта жанданып, бір жолға қойылды. Сауран ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында қабылдайды. Эпидемиялық ахуалға байланысты ХҚО-ға «ASHYQ» қосымшасы арқылы «қауіпсіз» мәртебесі бар азаматтарға кіру рұқсат етілген.

 «Біздің бөлімшеде аудан тұрғындарына мемлекетті қызметті сапалы әрі жылдам алу үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Аудандық ХҚО-да құжат қабылдайтын 7 орын, дайын құжаттарды беретін 2 орын, 4 өз-өзіне қызмет көрсету орыны бар. Орталықта 15 қызметкер халыққа қалтқысыз қызмет көрсетеді», – “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекетті корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сауран аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлім басшысы Арман Қарашбаев.

Қай уақытта келсеңіз де халықпен бірге басшы екенін ұмытып анықтама бөлімінде тұрып өзі реттеп тұрады .
Құжатыңыздың мерзімі өтсе сіз
Айдос Тасыбаевқа өтіп рәсімдей аласыз . Мерзімі жеткен куәлігін жаңа куәлікке тапсырыс беріп , бүгін дайын құжатын алуға келген Оранғай ауылдық әжелер алқасының төрайымы Фарида Ереханова апайымыз аналық алғысын жеткізіп
Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай ,халыққа қалтқысыз қызмет атқарып отырған азаматтарымыз аман болсын деп ақжарма
тілегін де, рақметін де жаудырды .

Advertisements