Сауран ауданында 7 көше жөндеуден өтті

198
Сауран ауданында жалпы ұзындығы 1 254,7 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 700,4 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары. Өткен жылы 15,5 шақырымды құрайтын аудандық 7 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл аудандағы облыстық маңызы бар Ынталы автожолының 20 шақырымына, Жүйнек автожолының 13 шақырымына, Бірлік-Қарашық автожолының 25 шақырымына, Шорнақ ауылындағы Сүлейменов пен Шаяхметова көшелеріне және Құсшы ата елді мекенінен әуежайға дейінгі жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал, өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы асфальт көшелердің көлемі 226 шақырымға жеткен болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements