Сайрамда карантин талаптарын сақтауды насихаттау жұмыстары жүргізілді

244
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева бастаған мобильді топ Қарабұлақ ауылында Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың 2022 жылдың 13 қаңтардағы № 1 Қаулысына сәйкес, карантин талаптарын сақтау бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Бөлімнің бас маманы Б.Оспанов, спорт секторының меңгерушісі Б.Асқаров, ауылдық клуб меңгерушісі А.Халықназаров қатысқан топ мүшелері Қарабұлақ ауылының орталық көшесінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандар, дүкендер, сауда орындарына кіріп карантиндік мерзімге арналған жаңа қаулымен таныстырып, ондағы талаптар бойынша бетперде кию тәртібін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.
Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері түсіндіру жұмыстары барысында нысандар мен көше бойында бетпердесіз жүрген тұрғындарға бетперделер таратты.
Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігі мен ауылдық мәдениет үйінің алдында дыбыскүшейткіш құралдары арқылы ауыл тұрғындары мен қонақтарына “COVID -19” коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вакцинация алу және жалпы ревакцинация жасау қажет ескертілуде.
Сонымен қатар, «Pfizer» компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасымен 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау туралы түсіндірме жұмыстары мен карантиндік шараларды сақтауға арналған хабарламалар тұрақты таратылуда.
Advertisements