“Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

270
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаев бөлімнің 2021 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Жылды қорытындылаған жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етті.
 2021 жылы облыстық, аудандық бюджеттерден және «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында тиісті қаржы көлемі бөлініп, жалпы ұзындығы 83,5 шақырымды құрайтын 49 жол орта жөндеуден өтті. Аудан аумағында көркейту, абаттандыру саласы бойынша 1 парк, 10 елді мекенде аяқ жол, 1 елді мекенде суағар орнату жұмыстары жүргізілді.
 Аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 48-і орталықтандырылған табиғи газ жүйесімен қамтылған. Бүгінгі таңда қалған 7 елді мекенге және жекелеген 10 көшеге газ жүйелері жүргізілуде.
 Ұлтық қор есебінен іске асып жатқан 7 жоба бойынша 7 округтің 51 көшесіне электр желілерін жүргізіліп, трансформатор орнатылып 3 жобасы пайдалануға берілді. «Оңтүстік Жарық Транзит» АҚ Төлеби аудандық бөлімінің инвестициялық бағдарламасы бойынша 10 елді мекендегі 33,9 шақырым электр желісі жаңартылып, 4 трансформатор (Ленгір қаласының Шахта- Тоғыс, Новостроевка елді мекендері, Қосағаш, Көксәйек) орнатылды.
 Ауданы аумағында 55 елді мекеннің 54 елді мекені толық орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекенге ауыз су тарту жұмысы 2022 жылы іске асады деп күтілуде. Жалпы аудан көлемінде 2021 жылы 22 ауыз су құбырына құрылыс және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 Былтырғы жылы 6 ауылдық округ 8 елді мекен және Ленгер қаласының 4 көшелерінде түнгі жарық бағаналарын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 8 елді мекеннің және Ленгір қаласының жарық шамдары іске қосылған.
 Жалпы ауданда 24692 тұрғын үйдің 23065 газбен, қалған 1624 үй көмірмен жылытылады. Жалпы бюджеттік мекемелердің саны 195 құрайды, оның ішінде газбен қамтылғаны 131 нысан, көмірмен 64 нысан жылытылады. Қажетті 4944 тонна көмір толық тасымалданған. Барлық мекемелер жылу жүйесіне қосылған.
 2021 жылы 38 га жерге жалпы 27850 дана көшет отырғызылды. Жалпы аудан аралық 7 рет сенбіліктер өткізіліп, көктем мезгілінде 120 шақырым жол бойындағы ағаштардың қурағаны қырқылып, түптері әктелді.
 2022 жылы жүзеге асатын жұмыстарға тоқтала кетсек, аудандық бюджеттен 31 жол орта жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. 4 нысанға тас төселеді. Жалпы 19 нысанның ауыз су құбырлары жаңартылып,6 нысанның құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар 7 ауылдық округ 13 елді мекен және Ленгер қаласының 5 көшелерінде түнгі жарық бағаналарын орнату жоспарланған. Абаттандыру бойынша Ленгір қаласы Төлеби көшесі бойына Арбат салынып, 28 қоқыс жәшігін орнатылмақ. Сұлтан-рабат елді мекенінің қоршауы мен Стрит воркаут орнату, Ұзынарық елді мекенінің спорт алаңына газон төсеу, Зағамбар елді мекеніндегі Аль Фараби көшесіне 1,895 шқ аяқ жол төсеу, Зертас елді мекеніне спорт алаңшасын орнату, Әңгірата елді мекенінің орталық көшесіне аллея орнату, Аққұм елді мекенінің орталық көшесіне 4,0 шқ аяқ жол төсеу жұмыстары жүргізіледі.
 Бөлім басшысның есебін тыңдағаннан кейін аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы бірқатар нақты тапсырмалар беріп, берілген қаржының игерілуін қадағалауды тапсырды. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, жасыл белдеуді қалыптастыру, елді мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, ауыз су, газбен қамту мәселелері кезең кезеңмен шешімін тауып отырғанын айтқан аудан басшысы нысандардағы құрылыстың сапасына басты назар аудару, оның берілген мерзімде орындалуына қадағалауды жүктеді.
 Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements