ТҮРКІСТАН: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

118
Түркістан қаласында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырумен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде наурыз-сәуір айларында әр аудан, қалада өткен іріктеу сындарынан сүрінбей өткен қатысушылар облыс орталығында өткен соңғы кезеңде бақтарын сынады. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау және ел ішіндегі талапты, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатындағы байқауға 16-28 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Сайыс талаптары бойынша аудан, қала жеңімпаздары поэзия және прозалық шығармалардан үзінділер оқып, сынға түсті.
Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков мұндай додалардың жас таланттарды қолдауда маңызы жоғары екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім, танымал театр әртісі Нұржан Ізтаев, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Гүлмира Исатай бастаған қазылар алқасының сынынан сүрінбей өтіп, байқау ережесіне сай өнер көрсеткен келестік өрен,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Журналистика факультетінің 2 курс студенті Қанат Жолдасбеков 3 орын иеленсе, Мақтаарал ауданы,
Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айман Жалғасова жүлделі 2 орынға қол жеткізді. Талабы мен таланты қатар байқалған
Ордабасы ауданы,
М.Жұмабаев жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шұғыла Бадай 1-орын алды. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені
Арыс қаласы,
А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аяна Орынбасар иеленді. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтары табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements