ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

95
Қызылорда қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында кезекті ел чемпионаты аяқталды. Сыр өңірінде өткен күрес бәсекесіне 17 команда, 300-ге жуық балуан қатысып, боз кілем көркін қыздырды. Тартысты өткен сайыста Түркістан облысының балуандары 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық бірінші орынды иемденді.
Боз кілемде қарсылас шыдатпаған Нұрасыл Асамбек 45 келі салмақта бас жүлдені иеленді. Белдесуде бағы жанған жерлесіміз Бекарыс Бахытжан 71 келіде сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Бұдан өзге дарынды қос балуан Олжас Жауынбаев пен Едіге Қасымбек күміс жүлдені иеленді. Ал Даурен Қуанышбек пен Мұхаметжан Орынбасар қола жүлдеге қол жеткізді.
Балуандарды жарысқа аға бапкер Абылайхан Рыспаев бастап барды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements