ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

206
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Етті-май бағытындағы Халықаралық асыл тұқымды қойлар» көрмесі өтті. Көрмеге Ресей, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген 100-ден аса қой өсіруші азаматтар және еліміздің 8 облысынан келген шаруалар қатысты.
Шара шеңберінде етті-майлы қой тұқымының «Ең ауыр салмақты», «Ең биігі» аталымдары бойынша байқаулар өтті. Нәтижесінде 45 номинацияның жеңімпаздары анықталды. Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті басшысы Ерлан Ілиясов үздік шаруаларды «Ауыл шаруашылығы үздігі», «Үздік қой өсіруші шаруашылық» және «Үздік асылдандырушы» төсбелгілерімен марапаттады. Сондай-ақ, шараға қатысқан Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев көрме барысында жергілікті шаруалар мол тәжірибе алмасатынына сенім білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements