ТҮРКІСТАН: НАУРЫЗ ТОЙЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА 4 БӨЛМЕЛІ ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

72
Түркістан қаласының “Бекзат” секторында Наурыз мерекесі тойланды.
Үш мыңнан аса адам қатысқан жиында сектор тұрғындарының демеушілігімен көпбалалы анаға төрт бөлмелі үйдің кілті табысталды.
Мерекелік дастарқан жайылып, қазақ эстрадасының жұлдыздары әннен шашу шашты.
Атап айтқанда, Айдар Тұрғамбек, Бақытжан Мұстафаев әуезді ән шырқап, Бекарыс Шойбеков пен Тұрар Тілеулиев арасында тартысты айтыс өтті.
Одан бөлек, сектордың кішкентай өнерпаздары да өнерлерін ортаға салды.
Салтанатты жиында Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға ізгі ниетін жеткізді.
Әйгілі спортшы Ермахан Ибраимов өз сөзінде Бекзат Саттархановтың жолын қуған спортшылар қатары көбеюіне тілектестігін білдірді.
Мерекелік жиында көпшілік арқан тартысып, аударыспақтан өз бақтарын сынады. Қошқар көтеру мен гір тасын көтеруден де сайыс ұйымдастырылды.
Тұрғындардың ынтымағының арқасында өткен мерекелік іс-шарада 1 тонна наурыз көже таратылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements