ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТТАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

103
Наурыз мерекесі қарсаңында елордада, салтанатты марапаттау шарасы өтті. Президент Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградаларға ие болады. Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер бар.
Соның ішінде Түркістан облысының азаматтары — Елхан Дәуетай, Кемелхан Оразалиев, Мұхит Асылов, Ғалымжан Худияров Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алды. Салтанатты жиынға жиналғандардың көбі – кешегі қаралы қаңтар оқиғасын көзбен көріп, зардап шеккен көпшілікке көмек көрсеткен жандар. Дүрбелең кезінде батылдық танытып, халыққа басу айтқан азаматтар.
Жалпы салтанатты жиын барысында «Құрмет» орденіне 94 адам ие болды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалімен 25 отандасымыз марапатталды. «Шапағат» медаліне 68 волонтер, меценат және басқа да азаматтар ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements