ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР ЖАУЫН-ШАШЫН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

77
Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында толассыз жауған жауын-шашынның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Әкімдік, Төтенше жағдай депертаменті, жалпы тұрғындар мен ерікті жастар күш жұмылдырып, елді мекендерді су тасқыны салдарын жою және алдын алу бағытында еңбектеніп жатыр. Бұл игі іске «Amanat» партиясы фракциясынан сайланған Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандық мәслихаттарының депутаттары да үлес қосуда.
Халық қалаулылары елді мекендердегі жағдайды толық бақылап, тұрғындармен кездесіп, үй аулаларына кірген суды шығаруға нақты көмек көрсетуде. Мақтаарал мен Жетісай аудандарында депутаттар 10 миллион теңгеге жуық қаржы жинап, ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсетті. Сонымен бірге техникалар мен су соратын құрылғылар, мотопомпалар сатып әперіп және жалдап берді. Жанар-жағармай алуға да тұрақты қолдау көрсетуде. Өз есебінен 3 тоннаға дейін жанар-жағармай ұсынған азамат та бар.
Қазіргі таңда екі аптадан бері толассыз жауып жатқан жаңбырдың салдарымен күрес әлі жалғасып жатыр. «Amanat» партиясының облыстық және екі Мақтаарал, Жетісай аудандық филиалдары тарапынан ұйымдастыру, үйлестіру, нақты көмек көрсету жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев пен депутаттар Ө.Мелдеханов, Н.Абишов, Ұ.Жұрымбетова, Б.Серманизов, О.Мамиров, Т.Қаржауов, Т.Қырықбаев және аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен су тартуға техника, жанар-жағармай алынып, еріктілер азық-түлікпен қамтамасыз етілуде. Жағдай бақылауға алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements