ТҮРКІСТАН: ЕКІ АУДАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

117
Биыл Түркістан облысының оңтүстік аймақтарында жауын-шашын мол жауып жатыр. Жаңбыр көлемі жыл сайынғы орташа нормадан 161% жоғары. Соның салдарынан соңғы 5 күн ішінде Мақтаарал және Жетісай аудандарының бірнеше ауылындағы үйлердің 149 ауласын су басты.
Бұл мәселе жедел бақылауға алынып, тиісті мамандар шұғыл іске кірісті. Табиғаттың тосын мінезімен күресу үшін Төтенше жағдай департаментінің 124 маманы мен әкімдіктердің қызметкерлері және 24 техника жұмыс істеп жатыр. 55 мотопомпа 16 мың текше метрден астам суды сорып алды. Осы уақытқа дейін екі ауданда 32 ауланы құрғату жұмыстары жүргізілуде. Жағдай облыс әкімдігі мен ТЖД бақылауына алынған. Үйлерді су басу қаупі жоқ.
___
Advertisements