МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

196
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшесі Абасов Қайнар Бегалыұлы референдумды түсіндіру және насихаттау мақсатында бүгін Арыс қаласына арнайы ат басын бұрды.
Мәжіліс депутаты Қ.Абасов іс-сапар аясында алдымен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерімен және мемлекеттік қызметкерлермен мәжіліс өткізіп, ел үшін айтулы кезең референдум өткізудің маңыздылығы талқыланды.
Мәжіліске «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Ділдәбеков, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Е.Қуандық, қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бұдан бөлек, жиын барысында қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев конституциядағы өзгерістер туралы өз ойын ортаға салып, референдум өткізудің мән-маңызына тоқталып, фракция мүшелерінің атынан сұрақтар мен ұсыныстарын жеткізді.
Жиын барысында Қ.Абасов қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарды қабылдап, азаматтарды мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды.
Айта кетейік, Парламент депутаты Конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндіру мақсатындағы сапары аясында бірқатар шараларға қатысып, шаруалармен және зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.
Advertisements