АРЫСТА ЖОЛ КАРТА АЯСЫНДА STREET WORKOUT ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА

250
Арыста партияның Арыс қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында әлеуметтік нысандар қатары көбейе түсуде.
Қала және ауылдық округтерді абаттандыру, балалардың ойын алаңшасын орнату мен спорт алаңын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұқаралық спортты дамыта отырып, саламатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында қала және елді мекендерде орналасқан 10 балалар ойын алаңшасы мен футбол алаңшасы ағымдағы жөндеуден өтті.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 252 048,0 млн теңге бөлініп, қала және елді мекендерде жаңадан 48 балалар ойын алаңшасы мен «Street Workout» жаттығу алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 16 балалар ойын алаңшасы, 16 көше тренажер алаңшасы, 12 футбол алаңшасы бар. Заманауи құрылғылармен жабдықталған алаңшаларда жаттығамын деушілерге барлық жағдай жасалған.
Партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасында бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау бөліміне сәйкес 2 заманауи спорттық алаңша және 3 Street Workout алаңшасын салу тапсырмасы бойынша Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылдық округі (Аққала елді мекені) – 2 заманауи спорт алаңшасы, Арыс-Шардара тас жолының бойына-1, Жиделі ауылдық округінде-1, Көкжиде елді мекенінде Street Workout алаңшалары салынды.
Айта кетейік, Street workout алаңдары қарапайым тұрғындардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік береді. Ол көшедегі спорттық мәдениетті дамытуда ең танымал бағыттардың бірі.
Advertisements