Қостанайға гуманитарлық көмек қабылдау басталды

167

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететін бірыңғай қоғамдық қор құрылды – деп хабарлайды ARSHAT-KAZ ақпарат агенттігі .

Қостанай облысындағы табиғи апаттың зардабына көмек ретінде ресми қоғамдық қор құрылды. Сондай-ақ жәбірленушілерге көмектесеміз деген желеумен алаяқтарға алданып қалмас үшін ниет білдірушілерді қаржыны төменде көрсетілген ресми деректемеге аударуды сұраймыз.

«Қайырымдылық KZ»

БСН

220640046689

ИИК

KZ82601A221001568401

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК

HSBKKZKX

Кбе 18

 

Одан бөлек, Қостанай облысында орын алған табиғи апатқа байланысты еліміздің әртүрлі аймақтарынан гуманитарлық көмек басталды. Мысалы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды.

Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады.

 

 

Advertisements