М.Әйтенов Көкбұлақтағы атқарылған жұмыстарды тексерді

163

 

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда — деп хабарлайды ARSHAT-KAZ ақпараттық агенттігі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді. Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған.

Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді.

Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған.

2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе – жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген.

Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады.

Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған.

Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді.

Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 м Есбол қажы көшесі жарықтандырылды.

Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да проблемаларға көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

Advertisements