Мұрат Әйтенов бірыңғай қабылдауын өткізді

167

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала халқын жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді – деп хабарлайды ARSHAT-KAZ ақпарат агенттігі.

Жалпы 250 – ден астам азаматты қала әкімі және салаға жауапты әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының прокуратура және қалалық полиция департаменті қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады. Әртүрлі себептермен қиын жағдайларға тап болып, жәрдем сұрап келгендердің тізімі алынып, шешім жолдары қаралды.

Тұрғындар тарапынан жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелері көтерілді. Денсаулық саласы мен білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру жөнінде де сұрақтар аз болған жоқ.


Барлығының шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, мәселелер тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.

Естеріңізге салайық, қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде. Дәл осы сәтте Шымкент қалалық прокуратурасының прокурорлары да арнайы ашық есік күнін ұйымдастырып, “Заңдылық керуені” акциясы аясында жеке қабылдауға келген тұрғындар сұрағына тұщымды жауаптар беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Advertisements