ТҮРКІСТАН: “Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

339

Естеріңізде болса, ҚР Президент сайлауы қарсаңында елімізде “Baqyla” қоғамдық ұйымы құрылып, саяси процесстің әділ өтуіне атсалысқан болатын. Тиісінше, маңызы зор саяси додалардың барысын қадағалауды мақсат еткен ұйым еріктілері 19 наурыздағы ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын дұрыс өткізуге де үлес қоспақ.

Нақтырақ айтсақ, ұйым еріктілері сайлау күні Түркістан қаласы мен Кентау қаласы аумағындағы 96 сайлау учаскесінде болып, әрбір дауыстың бұрмаланып кетпеуін, ұрланбауын, қоқыс жәшігінде жатпауын және бюллетеньдерді ысырап етпеуді қадағалайды. Сонымен қатар, сайлау учаскелеріне қанша азамат келгенін, заң бұзушылық болу не болмауын, бақылаушыларға жасалатын қысымның бар не жоқтығын бақылайды.

Advertisements