ШЫМКЕНТТІК 82 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

274

Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Айқап шағынауданында орналасқан №79 сайлау учаскесінде сайлаушылар белсенділік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін таңдауын жасап жатыр. Сайлау учаскесінде таңнан бері 200-ге жуық тұрғын дауыс берген. Солардың бірі – 82 жастағы қария Мекенбай Джолдасов.

– Сайлау – еліміздегі маңызды саяси науқан. Мен еліміздің болашағы, Отанымыздың өркендеуі үшін дауыс беруге келдім. Биылғы сайлау ұлттық мерекеміз Ұлыстың Ұлы күнімен тұспа-тұс келіпті. Сенім білдіріп, үміт артқан азаматтарымыз еліміз үшін қызмет етсін. Қазақстанымыз өсіп-өркендесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік ел болсын! – деп қария ақ батасын берді.

Айта кетейік №79 сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмысын бастады. Халықтың ел болашағына бей-жай қарамайтындығы көңіл қуантты.

«Шымкент келбеті»

 

 

Advertisements