СОЗАҚ АУДАНЫНДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

49
Созақ ауданындағы Құмкент ауылдық округінде «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығы ашылды. Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, жаңа орталықтың жұмысымен танысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов орталықтың әлеуметтік маңызын атап өтіп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ауданның Құрметті азаматы, ауыл қариясы Серікбай Байқұтиев биыл Құмкентте атқарылған ауқымды жұмыстар үшін ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.
Жаңа орталықта 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл нысан зейнет жастағы ардагерлерге және 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған. Бір мезетте 30 адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Сонымен бірге, Қызылкөл елді мекенінің қариялары да осы орталықтың қызметін пайдалана алады.
Орталықта тұз шахтасы, психологиялық терапия бөлмесі, дене шынықтыру залы, оқу және демалыс бөлмелері, массаж кабинеті, бильярд және шахмат ойындарына арналған орындар мен
еркін демалуға арналған жабдықтары қарастырылған.
Айта кетейік, биыл дәл осындай орталық аудан орталығынан бөлек, Созақ ауылында да ашылған болатын. Бұл жұмыстар әлеуметтік саланың әлеуетін арттырып, ардагерлерге көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттырып келеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements