ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

195

Пандемияның білім саласына тигізген әсері мен бүкіл білім жүйесі үшін ауыр сынаққа айналғанын айтқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдында берген есебінде барша ұстаздар қауымына, ата-аналар мен оқушыларға алғысын білдірді. Адамзаттың алғаш рет бетпе-бет кездескен мұндай жаһандық қиындықтың уақытша құбылыс екенін, қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Биылғы жылға бекітілген міндеттерді атады.

«Білім беру саласын биыл ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Осы жылы 17,1 млрд. теңгеге 49 мектептің құрылысын жүргізу, оның ішінде 11 мектепті жаңадан салу жоспарланды. Мектепке дейінгі ұйымдарды 1 436 жеткізіп, «Жас маман» жобасы бойынша 7 колледжге 2,1 млрд теңге бөлінеді. Былтырғы жылы білім беру саласына 334,3 млрд. қаржы бағытталды. Жыл басынан 2 мыңға жуық балаға арналған 15 жекеменшік балабақша іске қосылып, 500-ге жуық балаға қосымша топтар ашылды. Соның нәтижесінде балалар 100 % балабақшамен қамтылды»,- деді облыс әкімі.

Мектеп оқушыларына қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында балалар компьютер құралдарымен толық қамтылды. Үкімет резервінің қаржысына 7 711 планшет, 6 мыңға жуық компьютер, 43 527 ноутбук, барлығы 57 190 (100%) компьютер сатып алынып, аудан, қалаларға таратылып берілді. 2020 жылы 15,8 млрд. теңгеге 52 білім нысандарының құрылыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 16 нысан пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді.

 

«Облыста «Жас маман» жобасы бойынша биылғы жылы 5 колледжге 1,3 млрд. теңге бөлініп, Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық техникалық базамен жабдықталды. Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасы аясында 49 білім беру ұйымына 7 291 орын көлемінде білім беру тапсырысы бөлінді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының нәтижесінде «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «TUV Rheiland Akademie GmBH» концернімен келісім-шарт жасап, Кентау политехникалық колледжі «Қазақ-неміс политехникалық колледжі» жаңа статусын иеленіп, маман даярлануда, жаңа бағдарлама жасауда»,-деді Өмірзақ Естайұлы өз сөзінде.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements