Шымкентте инфрақұрылым жүйелерін дамыту қарқын алды

188

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Басқарма басшысы берген мәліметке сәйкес, тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша биыл 18 жоба қолға алынып, іске асырылуда. Оның ішінде 15 тұрғын алап пен шағын ауданда электр жүйелерін жаңарту жұмыстары көзделіп, 3 қосалқы станцияның құрылыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде биыл 21 мыңнан астам адам тұтынатын электр қуатының сапасы артады.

Табиғи газбен қамту бойынша 7 жобаның құрылысы қарқынды түрде атқарылуда. Оның ішінде 2 магистралды жүйелер мен бес шағын ауданды газбен қамту жұмыстары атқарылып отыр. Оған қосымша 12 жобаның құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Қала әкімі М.Әйтенов халық тұтынатын электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігін айта отырып, қосалқы станцияларды іске қосуды жеделдетуді және бұл жұмыстарды атқару барысында жүйелі тірлік атқаруды талап етті. Тұрғындарды газбен қамту жобалары бойынша биыл аяқталуы тиіс жұмыстарды жылыту маусымына дейін толығымен бітіріп, пайдалануға беруді тапсырды. Халықты газбен қамтудағы ауқымды жоба – №3 автоматты газ реттегіш станциясыдағы сынақ жұмыстарын талапқа сай атқарып, жақын күндері іске қосуды жүктеді.

 

Advertisements