ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекені сапалы электр қуатынмен қамтылған

113

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты  Тассай елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, Тассай елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2019 жылдың  қазан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсанында аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта  Тассай елді мекен тұрғындарының 95 пайызы сапалы электр қуатына қосылды. Бүгінгі күнге дейін олар жеке трансформатордан электр энергиясын тұтынған болатын. Абоненттеу жұмыстары  «Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС қызметкерлері тарапынан жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Тассай елдімекенінің тұрғындары өткен жылы таза ауыз сумен де қамтамасыз етілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін су жүйесінің құрылысы мердігер мекеме «Үшсай» мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2020 жылдың соңында аяқталған болатын. Нәтижесінде, Тассайдағы 3 мың абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Advertisements