Шымкент қаласы Бас санитар дәрігерінің жаңа оқу жылына қатысты қаулысы шықты

119

Шымкент қаласы Бас санитар дәрігерінің жаңа оқу жылына қатысты қаулысы шықты. №36 қаулысына сәйкес, білім ұйымдарындағы асханаларға рұқсат беріліп отыр. Бірақ аспаздар вакцина (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) салдырған болуы керек. Сондай-ақ, мектепте санитарлық талаптың бәрі сақталуы міндетті және көпшілік жиналатын іс-шара мен басқосуларға тыйым салынады. Сонымен қатар, білім ошақтарының әр қабатында санитайзерлер қойылып, қол жуу тәртібі ілініп тұруы керек және дезинфекциялық заттардың 1 айлық қоры болуы тиіс. Бұл ретте күніне екі рет ылғалды, аптасына бір рет жалпы тазалық жұмыстары жүргізілуі қажет. Ал сынып іші 25 баладан аспауы керек, – деді А.Ахметов.
Брифинг барысында Алдарқұл Райымқұлұлы білім беру ұйымдарында қарсы көрсетілімі бар азаматтарға ПТР тесті міндеттелмейтінін жеткізді.
– Асханалар санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Егер кіру есіктері сыртта болған жағдайда «ASHYQ» жүйесіне қосылады. Оларға да QR-код қою керек болады, – деді спикер.
Бүгінде қаладағы барлық білім ұйымында «Ashyq» жүйесіне толық қосылған. Ал педагогтер мен техникалық қызметкерлер түгелдей вакцинациядан өтіпті. Айта кетейік, медициналық қарсы көрсетілімдері бар және КВИ-мен ауырғандарға екпе егілмейді.

Advertisements