«Жеңімді қайырғаным үшін тыр жалаңаш далаға сүйреді»: Түркістан облысындағы шенеуніктің әйелі күйеуінен көрген қорлығын айтты

208

«Жеңімді қайырғаным үшін тыр жалаңаш далаға сүйреді»: Түркістан облысындағы шенеуніктің әйелі күйеуінен көрген қорлығын айтты; деп хабарлайды  sn.kz 

Екі ай бұрын жолдасымен ажырасу туралы шешім қабылдап, туған әке-шешесінің үйіне кетіп қалған.Түркістан облысының шенеунігі хиджаб киетін әйелі түн ортасында жеңін қайырып, су төккені үшін жалаңаш күйінде далаға сүйреп шығарған. Бұл туралы келіншек КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.Бағдарламаға отбасындағы жанжалы туралы айтуға келген Түркістан облысының тұрғыны Іңкәр Сүлейменова студияда күйеуінен көрген қорлығын баяндады. «Күйеуім дін жағынан өте қатал адам. Ол жұмыстан келіп, ұйықтап қалғаннан кейін таңға дейін біраз тірлігімді бітіріп алайын деп далаға тазиктегі суды төгуге шықтым. Бірақ үстімде хиджабым бар, тек жеңімді түріп алдым. Суды төгіп, үйге енді кіре бергенде есіктің аузында күйеуім тұр екен. Ол маған «Сен неге далаға білегіңді көрсетіп шығасың?» деп ұрысты. Мен оған мені ешкім қараңғыда көрмегенін және ұзын жеңмен еден жуу ыңғайсыз екенін айттым. Бірақ ол маған ұрысып, бүкіл киімімді жыртып тастап, мені тыр жалаңаш далаға сүйреді», – дейді Іңкәр Сүлейменова.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардабына әдбен тойған Іңкәр Сүлейменова осыдан екі ай бұрын жолдасымен ажырасу туралы шешім қабылдап, туған әке-шешесінің үйіне кетіп қалған.Белгілі болғандай, Іңкәр Сүлейменованың күйеуі Жансерік Мұсаханұлы Сүлейменов 8 жыл бойы Түркістан облысы Сайрам ауданының мәслихат хатшысы қызметін атқарған. Қазір облыстық мәслихатқа ауысқан деседі. Күйеуінен жәбір көрген келіншектің айтуынша, арасында тіпті енесі де қол көтерген кездері болған екен. «Енем ұрғанда кәдімгідей еркек ұқсап, екі жұдырығымен ұратын. Онымен қоса қайын сіңілім де ұрған кездері болды. Қазір бір құлағым естімейді, шамамен 12 жыл болып қалды»,- дейді келіншек.Іңкәр Сүлейменова халық қалаулысы атанған жолдасымен отасқанына 18 жыл болғанын айтты. Бүгінде екеуінің некесінен ортақ 6 баласы бар екен. Бұдан бөлек, кейіпкердің сөзіне сенсек, күйеуінің одан басқа тағы екі әйелі бар көрінеді.«Бірініші әйелін 2013 жылы көрдім. Ол әйел аяғы ауыр екенін айтты. Күйеуім кейін мойындады, баласы бар екенін де айтты. Одан кейін сол келіншектен 4 баласы бар деп естідім. Үшінші әйелі туралы мен өз қыздарымнан естідім», – дейді келіншек. Шенеунік әйеліне төркініне телефон шалуға да рұқсат бермеген сыңайлы. Сол себепті Іңкәр туған әпкесімен тығылып сөйлесуге мәжбүр болған екен. Бүгінде шаңырағы шайқалған отбасының балалары әкесімен бірге тұрады. Бағдарлама барысында көрсетілген сюжетте балалар аналарын сағынбайтынын айтып, алдағы уақытта әкелерімен қалғылары келетінін жеткізген. Алайда Іңкәр Сүлейменованың айтуынша, күйеуі балаларын оған әдейі қарсы қойып қойған. Бүгінде келіншек кіші қызымен телефон арқылы жасырын түрде сөйлесіп тұратынын айтты.

Advertisements