Түркістанда оқушысы өз-өзіне қол салған

181

Түркістан облысында 9-сынып оқушысы асылып қалған мектеп басшылығына қатысты тексеріс басталды. Мұны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды zakon.kz

Түлкібас ауданы Састөбе ауылындағы мектеп директорының қос орынбасарына қатаң сөгіс беріліп, тәрбие мен білімге жауапты тұлғалар лауазымынан босатылған. Басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова, 1,5 мыңнан астам бала оқитын ауыл мектебінде, педагог-психологтың жұмысы ақсағанын жасырмады.

Ардақ САДЫҚОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз қазір айта алмаймыз әлімжеттік болды деп. Бірақ жалпы ондай мәселе бар облыстағы мектептерде орын алады. Сол бойынша да біз жұмыс жасап жатырмыз. Жан-жақты шаралар көріліп жатыр. Қабылданып жатыр шаралар.
Жалпы соңғы он күнде өңір мектептерінде екі қайғылы жағдай тіркелді. Өткен аптада 5-ші сынып оқушысыны қатарластарының соққысынан соң, көз жұмған. Ал 11-ші қазан күні Түлкібас ауданында 9-шы сыныптың баласы өз-өзіне қол салды. Ауыл тұрғындары 15 жастағы баланың суицидке баруына жоғары сынып ұлдарының ақша бопсалап, әлімжеттік жасауы себеп болғанын айтуда.

Advertisements