Бокс. кенжебаевтің алтынсыз кезеңі

207

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысқанына аз ғана уақыт өтті. Құрама тізгінін үш жылға жуық ұстаған Ғалымбек Кенжебаевтың орнына Қайрат Сәтжанов келді, деп хабарлайды olympic.kz

Ғалымбек Кенжебаев ұлттық құраманы тоғыз жыл баптаған Мырзағали Айтжановты 2018 жылдың желтоқсанында алмастырды. Айтжанов қазақ боксының туын түсірген жоқ. Оның шәкірттері екі олимпиададан екі алтын, үш күміс, екі қола жеңіп алды. Бес әлем чемпионы шықты. Бірақ табысты Рио олимпиадасынан және 2017 жылғы әлем чемпионатынан (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) кейін құрама нәтижесі төмендей бастады. Мұның алғышарты 2017 жылғы Азия чемпионатында болған сияқты. Әрине, Ташкентте өткен құрлық додасында жергілікті боксшылар 9 алтынның сегізін алғаны кездейсоқ делінбегені анық. Олардың  арасына сыналап кіріп, жалғыз «бөтен» алтынға қол жеткізген отандасымыз Василий Левит (91 келі) болатын. Бірақ 2018 жылғы Азия ойындары еңсемізді тіпті түсірді. Тоғыздан жетіге қысқарған салмақ дәрежесінде небары екі боксшымыз ғана күміс алды. Бұл 2014 жылғы ойындардың қасында (6 алтын) тым төмен нәтиже еді. Содан кейін әуесқой бокс федерациясының басшылығы бапкерлер құрамын алмастыруға тәуекел етті.

Advertisements