Аудан әкімі тілшілердің сұрақтарына жауап берді

265
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Аудан басшысы кең көлемде баяндама жасап, қаламы қарымды тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды  sayipqiran.kz

   Мақтааралда  9 айда жалпы ішкі өнімнің көлемі 57,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9%-ға немесе 3,2 млрд. теңгеге артқан. 2021 жылға бюджеттің кірісі мен шығысы  27,1 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, өзіндік кіріс көздері 1,5 млрд. теңгеге жоспарланыпты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2021 жылдың 9 айында 400 маманға 116,6 млн.теңге бір реттік көтерме жәрдемақы, 60 маманға 262,5 млн. теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілген.   Ауданда негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлеме 4,5 млрд. теңгені  немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салтырғанда 233%-ға артты. Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. 9 айда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 36 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 26 млрд. теңге, мал шаруашылығы 10 млрд. теңгені құрады.  Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 35,08 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Сонымен қатар, 409 267 тонна бақша, 6539 тонна күріш, 20 048 тонна көкөніс өндіріліп, 80%-ы шет мемлекеттерге экспортталды. Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2, ПУИИД-2) бағдарламасына енген. Бағдарлама арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде.

Қазіргі таңда, жалпы бағдарламаның 1-ші 2-ші және 3-ші кешен бойынша ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың (К-13; К-20; К-18; К-11 тармақтарымен) құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция  көлемі 2021 жылдың 9 айында  655,8 млн. теңгеге жетті. 2020 жылдың 9  айында бұл көрсеткіш 11,4 млн. теңгені құраған болатын. Яғни, биылғы көрсеткіш 5552%-ға  немесе 55,5 есеге артып, Мақтаарал облыста 2 орынға жайғасты.

Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың 9 айында  11,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен  салыстырғанда  102,9%-ға орындалды. Сол секілді өңдеу өнеркәсібінің көлемі 9 айда  9,1 млрд. теңгені құрап, 104,8%-ға орындалды. Ал, бөлшек сауданың көлемі 3 млрд. теңгені құрап, 100,5%-ға өсті.

Ауданда 10 523 бірлік кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде 537 заңды тұлғалар, 2035 жеке тұлғалар, 7951 шаруа қожалықтары бар. Кәсіпкерлер жыл басынан бері түрлі несиелік ұйымдардан 354,6 млн. теңге несие алған.

Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2022 ж.ж Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі  10,8  млрд. теңгені құрайтын 308 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған 5 жоба іске асырылады. Атап айтқанда, мақта майын шығаратын «Tulpar May» ЖШС-і, жіп шығаратын «Tulpar Texstill» ЖШС-і, темір-бетон өнімдерін шығаратын «KZ 2020» ЖШС-і, МВт электр энергиясын өндіретін «Инженерная арена» ЖШС-і, мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і іске қосылмақшы.

Аудан бойынша 2021 жылы 9 айында құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 5813,7 млн.теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ға артық орындалды.

2021 жылға республикалық бюджеттен жалпы 854,9 млн тг. бөлініп, Атакент кентіндегі 13 көше, Береке е/м және Иіржар е/м, Есентаев е/мжалпы 4 нысанның ауыз су жүйелерінің қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен 77,6 млн тг. қаржы қаралып, 3 е/м (Үлгілі, Табысты, Шұғыла) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2 е/м-де (Мәдениет, Азамат) жөндеу жұмыстары басталды.

Аудандағы Иіржар ауылдық округіне қарасты Алаш және Наурыз елді мекендерін газбен қамту үшін 125,7 млн. теңге және АГТС салуға 143,2 млн теңге және жеткізуші газ құбырының құрылысына 150,0 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс жұмыстарын аяқтауға 4,1 млрд теңге қаржы жұмсалатын болады. Нысан құрылыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Иіржар ауылдық округі елді мекендері (1385 абонент) толық қамтылған жағдайда ауданның газбен қамтылу деңгейі 73%-ды құрайтын болады.

Бірлік ауылдық округі елді мекендерінің (Қоңырат, Алғабас, Пернебаев) жаңадан түскен көшелеріне 130,5 млн теңгеге электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары мердігер «Энерджи-Тараз» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысан құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға тапсырылады.

Аудан аумағында жалпы 11,2 шқ құрайтын аудандық маңызы бар 7 автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, 8,6 шқ құрайтын 5 автокөлік жолдарының (Қарақыр-Өркен, Нұрлы жол, Азамат, Нұрлытаң, Төрткүл) күрделі жөндеу  жұмыстары басталды. Қаржысы 211,2 млн теңге. Ал, 2,58 шқ құрайтын аудандық маңызы бар 2 автокөлік жолдарының (Шұғыла, Жаңатұрмыс) орта жөндеу жұмыстарына мердігерлері анықталып, келісім-шарттары түзілді.

2021 жылға жалпы 977,9 млн тг. қаржыға  54,1 шқ құрайтын 54 ішкі көшелерге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 37 көшеге (723,3 млн тг. – 38,2 шқ) асфальт төсеу жоспарланған болса, жергілікті бюджет есебінен жоспарланған 17 көшеге (254,6 млн тг. – 15,9 шқ) бүгінгі күнге бюджеттен 100,0 млн тг. қаржы қаралып, 6 көшеге асфальт төселуде. Одан бөлек, Мақтаарал ауданында ең өзекті мәселелердің бірі елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту мәселесі болып келген еді. 2021 жылдың маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тұрақты ауданішілік бағыттағы Мырзакент-Атакент-Мырзакент бағыты бойынша қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады.

Бірлік а/о. Табысты е/м спорт алаңшасын салу (ұзындығы – 90 м, ені – 45 м) жұмыстары, Өнімкер е/м Ахтаев және Ақтерек көшелеріне (ұзындығы – 1,7 шқ) жарықтандыру және Диқан – Мырзакент трасса бойына (ұзындығы – 3,8 шқ) аяқ жол салу жұмыстары, Азаттық – Шымкент трасса бойына (ұзындығы – 3,9 шқ) жарықтандыру, Қарақыр – Өркен трасса бойына (ұзындығы – 1,2 шқ) жарықтандыру және аяқ жол салу жұмыстары аяқталса, Қалшораев е/м орталық көшесіне (ұзындығы – 2,2 шқ) жарықтандыру, Өркениет е/м Жайлымшиев, Сердалиев көшелерін және Атакент-Жетысай трасса бойын (ұзындығы – 1,7 шқ) жарықтандыру  жұмыстары жүргізілуде.

Мақтаарал ауданы аумағында Мырзакент кентін  ұлғайтуға арналған 160 га жер телімі ішінен  құрылысы аяқталған 16 тұрғын үйлерді 31.03.2021 жылы кезекте тұрған 16 азаматтарға коммуналдық  арендалық мақсатта берілді. Оған қоса, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 417,9 млн теңге қаржыға аудан аумағындағы көпбалалы аз қамтылған отбасыларға 50 (38 тұрғын үйдің құрылысы жаңадан жүргізілген;, 12 екінші деңгейлі тұрғын үй)  үй сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілді. Сонымен қатар, Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек аудан аумағынан 1,8 млрд. теңгеге 3 қабатты 36 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсынылды.

Білім беру ұйымдарын 2021-2022 оқу жылына дайындау мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Иіржар ауылдық округі, Асылмұра ауылында орналасқан «Асылмұра жалпы орта мектебінің» күрделі жөндеуіне  – 244 020,8 мың теңге,  Достық ауылдық округі, Қалшораев ауылында орналасқан «Қ.Абдалиев атындағы №54 жалпы орта мектебінің күрделі жөндеуіне  – 257 361,9 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 9050 адам қамтылуы керек болса, 9 айда бұл көрсеткіш 8616 адамға жетіп, жоспар 95,2%-ға орындалды.

Қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту бойынша 2021 жылы 150 адамды,  техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 173 адамды оқыту жоспарланып 150 адамды ағымдағы жылдың қазан айында қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. 2021 жылдың 9 айында «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде оқуға 301 адам жолданды. 523 азамат кәсіпкерлік негіздеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған.

Қоғамдық жұмыс орындарына 2306 адам жолданып, оның 33 тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 830 адам жолданып, оның 8 тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар практикасынан 596 адам жолданды.

Мақтаарал ауданында «Мақтаарал» футбол клубы және 2 балалармен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Аталған спорт мектептерде спорттың 18 түрі дамытылып, 130 топта 64 жаттықтырушы 1560 спортшымен жұмыс жүргізеді.

2021 жылдың 9  айында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан аумағында әртүрлі деңгейдегі 22 спорттық іс-шара өткізіліп, 2000-ға жуық спортшылар спорттық іс-шараға қатыстырылды. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан спортшылары әртүрлі деңгейдегі  жарыстарға қатысып, 36 алтын, 73 күміс және 51 қола медаль иегері атанған.

«Мақтаарал» футбол клубы 2021 жылғы Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Біріншілігінде 21 (жиырма бір) ойын өткізіп, ойын кестесі бойынша 46-ұпаймен, 2-ші орынға тұрақтады. Яғни, премьер-лигаға жолдама алды.      Футболдан Бірінші және Екінші лига клубтарының 2006 жылы туған жасөспірімдері командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігінде жергілікті Мақтаарал командасы ІІІ орынға қол жеткізді.

           Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Венгрия астанасы Бутапеш қаласында өткен Кикбоксингтен әлем кубогінде жерлесіміз Бекбосын Асхат Ерғалиұлы күміс жүлдегер атанды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Advertisements