ТҮРКІСТАНДА САКУРА МЕН МАГНОЛИЯ АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ

110
Түркістан қаласында абаттандыру, көгалдандыру жұмысы жоспарға сай жалғасып жатыр. Жаңа мәдени және өзге де нысандар бой көтеруде. Бұл ретте 4 жылда қалаға тартылған инвестиция көлемі 8 есеге артып, жалпы 793,2 млрд. теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Оның ішінде 50%-ға жуығы — жеке инвестициялар. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс нысандары мен көгалдандыру барысын кезекті рет қадағалап, қаланы жаяу аралады.
— Әр сектор өзіне тиесілі аумақты жүйелі түрде абаттандыруы тиіс. Осы көшеттер мен жасыл желекті суғару жұмысы да тоқтамауы керек. Қалада ауыз су мәселесі 100 пайыз шешілген. Ағын су мәселесі де шешіліп жатыр. Ағын су көлемі көбейді. Бұл — жасыл желекті арттыруға үлкен мүмкіндік, — деген Өмірзақ Шөкеев жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.
Бүгінде Түркістан саябақтары мен көшелеріндегі ағаштар көгеріп жатыр. Оның ішінде сакура мен магнолия ағашы да гүлдегенін айта кеткен жөн.
Қала аумағында 225 гектарда 30 саябақ,
13,6 гектарда 15 гүлзар мен аллея бар. Түркістан қаласын абаттандыру мақсатында «Желілік саябақ», «Төле би» саябағы, «Шатқал» саябағы, «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, 1 мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру қолға алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements