ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ГІР КӨТЕРУ СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

96
Шардара ауданында гір спортынан алғаш рет жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай шағалалы Шардарада спорттың әлемдік деңгейде дамып жатқанын айтып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрамалар елішілік сайысқа білекті сыбанып келіпті. Бұл байрақты бәсекеде республикамыздың 14 облысынан 300-ден аса гір тасын көтеруші спортшылар бағын сынайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements