ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢБЫР СУЫН СОРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

93
2022 жылғы 11-18 наурыз аралығында Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарында көшелерді, аула аумақтарын жаңбыр суы басып, жер асты суларының көтерілуі орын алуда.
Түркістан облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды. Үйлерді су басу қаупі жоқ.
Үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жаңбыр суын сору жұмыстарын жалғастыруда. Суды бұру үшін ұзындығы 8.3 км каналдар қазылды. Ұзындығы 96 км 32 канал және ұзындығы 241 км 121 коллектор тазартылды.
Бүгінгі күні 284 аула аумағынан жалпы 62 886 текше метр су сорылды.
Жұмысқа 170 қызметкер, 60 мотопомпа және 44 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖ департаментінің жеке құрамынан 66 қызметкер, 39 мотопомпа мен 11 техника және жергілікті атқарушы органнан 104 жұмыскер, 21 мотопомпа мен 33 техника жұмылдырылды.
Advertisements