АРЫСТА ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

213
Биыл мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек.
Бүгін осы орайда, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Қалдыхан Өтегенов «Арыс Локомотив депосы» қызметкерлерімен референдумның маңыздылығын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Жиын барысында теміржолшыларға референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі екендігін айтып, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын жеткізді.
Кездесуде қатысушыларды елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде теміржолшылар да Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумды қолдайтындарын айтты.
Advertisements