Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді

236

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді – деп хабарлайды ARSHAT-KAZ ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Сайлау туралы» Конституциялық заңдарға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының қаулысын қабылдау қажет», – деп атап өткен ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Осыдан кейін ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады», – деді ол.

Сондай-ақ, Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

Сайлаудың ресми қорытындысы:
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%;
Жигули Дайрабаев – 3,42%;
Қарақат Әбден – 2,60%;
Мейрам Қажыкен – 2,53%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,22%;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%
Бәріне қарсымын – 5,80%.

Advertisements