Президенттікке кандидаттар да дауыс берді
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар өз сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді – деп хабарлайды ARSHAT-KAZ ақпарат агенттігі.
НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ПРЕЗИДЕНТІККЕ КАНДИДАТ:
- Қазақстанның барлық түкпір-түкіпірінде біздің сайлау алды бағдарламамызды барлық жерді білді. Біз оппозияицилық партия ретінде біз өз пікірімізді барлық жерде ашық айтып жүрдік.
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР:
- Барлық халық өз отбасыларымен бірге еліміздің болашағына дауыс беруге дайын. Сондықтан да елдің бірлігі үшін, еліміз гүлдене берсін, әрі қарай жақсы жарқын болашаққа жол сала берейік деген үлкен үмітім бар.
ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:
- Бүгінгі біздің № 396 учаскесінде байқадыңыздар, сағат 6,30 таңғы мына сайлаушылар жинала бастады. Менде өзім ерте келдім. Бүгін өзімнің немерелерім, інілерім, келіндерім, жолдасым ерте келдік. Бұл әр бір қазақстандықтың өміріндегі үлкен саяси оқиға, мереке. Сондықтан мен ойлаймын, әр бір қазақстандық, бұл мерекені өз деңгейде өткізуге атсалысады.
МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:
- Халқымыз, еліміз өзгерістерді аңсап күтіде. Күтіп отыр. өзгерістер керек. Сондықтан жаңа президент кім болса да, кешікпей тез арада өзгерістерді бастауы керек. Өйткені уақыт жоқ. уақыт өтіп кетті. Алдағы жылда нақты өзгерістер болуы керек. Президент өзінің айтқан уәдесінде тұруы керек. Жылына төрт мезгіл халықтың алдында есеп беруі керек.
САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ҚР ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
- Толқып тұрмын. Біз халықпен белсенді жұмыс жүргіздік, мен осы атқарған істердің нәтижесіне ризамын. Өзім 12 өңірде болдым, қалғандарында штабымның сенімді өкілдері жұмыс істеді. Азаматтардың қалай көңіл бөлгені маған ұнады. Сайлауалды науқаны кезінде жүргізілген жұмыстар нәтижесі ретінде көп дауыс жинаймын деп ойлаймын.