ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАП ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының жылжымалы кітап пункті ашылды. Бұл бастама – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүзеге асып отыр. Онда балалар көркем әдебиетпен танысып, танымдық және тәрбиелік маңызы зор кітаптарды еркін пайдалана алады. Ғимарат ішінде арнайы ашылған бұрышта 1000 дана кітап қоры бар. Олардың қатарында қазақ халық ертегілері, көркем әдебиет, шетел жазушыларының шығармалары, танымдық және тәрбиелік мәні зор кітаптар бар.
Жылжымалы кітапхана оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іріктелген әдебиеттермен жабдықталған. Бұл кітапхананың қолжетімділігін арттырып, балаларды кітапқа жақындатудың тиімді жолы. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қоспақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі



