СОЗАҚ АУДАНЫНДА БИЫЛ 80-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

33
Аймақ басшысы Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында мәдениеттің маңызды ордасына айналатын жаңа кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан нысанда оқу залдары, ақпараттық ресурстар орталығы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бөлімдер қарастырылған. Құрылыс алаңының жалпы аумағы – 2 536 шаршы метр, ғимараттың өзі 496 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада асфальтталған жолдар, көгалдандыру және жарықтандыру жүйелері, жасыл аймақтар, кіреберіс алаңы мен автотұрақ орындары толық қамтылған. Кітапхана құрылысы өңірдің климаттық және сейсмикалық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан әкімі Жеткіншек мөлтек ауданында жеке инвестордың қаржысы есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен де танысты. Нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударып, құрылыс талаптарының қатаң сақталуын ескертті. Айта кетейік, қазіргі таңда аудан орталығында 2 қабатты 5 тұрғын үйдің құрылыс жүріп жатыр. Олардағы жалпы пәтер саны – 92, оның биыл 78-і беріледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements